“Білім шыңы - Ғылым сыры” журналы - педагогтар мен оқушыларға арналған республикалық ғылыми-әдістемелік, танымдық, мәдени-рухани журнал.
Біз білім саласы қызметкерлеріне, ұстаздар мен оқушыларға арналған «Білім шыңы-Ғылым сыры» журналы арқылы Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін өз мүмкіндігімізше үлес қосуға ұмтылудамыз.
Мектеп жетістіктерін, ұлағатты ұстаздардың өнегелі ісін, дарынды оқушылардың жеңістерін насихаттап, елге үлгі ету журналымыздың басты мақсаты болып табылады.
Ұстаздарымыздың ерен еңбегін бағалау және олардың жас ұрпақты тәрбиелеудегі үлкен маңызға ие құнды дүниелерінің жалпы ұстаздар қауымының игілігіне айналуын қамтамасыз ету – еліміздің өркендеуіне қосқан үлкен үлес болар еді.  Осы жайттарды ескере отырып, педагогтар мен оқушыларға арналған «www.bilimshini.kz»  оқу-ағарту, ғылыми- әдістемелік, педагогикалық ақпараттық веб порталы өз жұмысын бастады.
 «www.bilimshini.kz» веб порталы  - тәрбие мен білім беру үрдісіндегі педагогикалық технологиялардың мазмұнын жаңарту жолында педагогикалық идеяларды іздеу, оқушылар қабілеттерін дамытудағы жоғарғы нәтиже көрсеткен, белсенді шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерге демеу көрсету, ең тиімді жұмыс жасайтын мұғалімдердің озық іс-тәжірибелерін тарату және жалпы мұғалім мәртебесін көтеру, дарынды шәкірттерді тауып, талабын шыңдау мақсатында түрлі байқаулар мен жобалар өткізу үшін  ашылған интернет желісіндегі бұқаралық ақпарат көзі.
Сіз бен біз шығармашылық байланыста болып, Мәңгілік ел мерейін өсіру жолында еңбек ете берейік!